31 қаңтар 2020 10:55

"Әзілдедім, қорықсын дедім". Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

"Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндіру мақсатында видео жариялады. Думан Айтжанов видеосында қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндіру мақсатында видео жариялады. Думан Айтжанов видеосында қазақстандықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр.

"Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What's app-тағы "Братва" тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді", - деді дәрігер видеоүндеуінде.

Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты.

Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети