1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды" деген жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды

Жалған ақпарат таратқан алматылық дәрігер Жалған ақпарат таратқан алматылық дәрігер

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында медицина қызметкерінің ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Тексеру іс-шараларының алғашқы сағаттарында видеодағы ер адамның жеке басы анықталды. А. есімді азамат, 1980 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Қазір ол ұсталды. Ол жалған ақпараттың таратылу фактісін мойындап, шын жүректен өкінетінін айтады. Қазір аудандық полиция басқармасы тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр, оның нәтижесінде қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деді Алматы облысы ЖП бастығы Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, полиция жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.

"Көп жағдайда кейбір азаматтар жалған мәліметтерді таратуға тыйым салынғанын білмеген. Бірақ заңды білмеу - жауапкершіліктен босатпайды. Бұл аксиоманы әркім білуі керек. Осыған байланысты жұртшылықты негізсіз дүрбелең мен дүрлікпе тудырмау үшін мемлекеттік органдардан ресми хабарламаларды басшылыққа алуға және күмәнді көздерден ақпаратты тираждауға қатыспауға шақырамыз", - деп түйіндеді Серік Күдебаев.