01 қараша 2018 14:16

Бағдат Қожахметов "31 арнаның" бас директоры қызметінен кетті

Бағдат Қожахметов. ©Tengrinews.kz

"31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожахметов компаниядағы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"31 арнаның" бас директоры Бағдат Қожахметов компаниядағы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарнадағылардың айтуынша, Бағдат Қожахметов 2018 жылдың 31 қазанында бас директор қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Реклама
Реклама

"Компаниядағылар Бағдат Қожахметовке көп жыл уақыт бойы телеарнаны тиімді басқарғаны үшін және бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырғаны үшін алғыс айтады", - делінген "31 арнаның" сайтында.

"Кететін уақыт келді. 7 жыл жұмыс істедім. Енді қайда жұмыс істеймін? Жоспарларым жайлы кейінірек айтамын. Бірақ осы салада қаламын", - деп пікір білдірді Қожахметов.

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап бас директордың міндеттерін уақытша Евгения Гуляева атқаратын болды.

Евгения Гуляева "31 арнадағы" еңбек жолын 2008 жылы қаржы директоры қызметінен бастаған. Ол бұл арнада 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. 7 жыл бойы бас директордың орынбасары қызметінде болған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram