Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне оның бауыры Ерхан Майлыбаев растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне оның бауыры Ерхан Майлыбаев растады.

"Бағлан Майлыбаев бостандыққа шықты. Сот үкімі заңды күшіне енді. Қазір ол Нұр-Сұлтанда, жағдайы жақсы", - деді Ерхан Майлыбаев.

Бағлан Майлыбаев қызметінен 2017 жылдың 12 қаңтарында босатылып, 16 қаңтарда ұсталған болатын.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") және 185-баптың 3-бөлігі ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") бойынша айыпты деп танылған еді. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылған болатын. Сот отырыстары жабық тәртіпте өткен еді.

Бағлан Майлыбаев бес жылға сотталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети