17 желтоқсан 2021 | 08:51

БАҚ Әбісатов жұмыстан босатылғаннан кейін не істеп жүргенін анықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Махамбет Әбісатов. © aktobetimes.kz Махамбет Әбісатов. © aktobetimes.kz

"Ақтөбе Таймс" басылымының журналистері Қазақстан ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары, Ақтөбе облысы ІІД экс-басшысы генерал Махамбет Әбісатов қазір немен айналысып жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақтөбе Таймс" басылымының журналистері Қазақстан ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары, Ақтөбе облысы ІІД экс-басшысы генерал Махамбет Әбісатов қазір немен айналысып жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Әбісатов жеке кәсіппен айналысатынын мәлімдеді. Бұрынғы жоғары қызметтегі әскери қызметкер қазір Halyk Инкассация ЖШС бас директоры қызметін атқаратыны белгілі болды.

"Бұған Қазақстан қор биржасында жарияланған деректер дәлел бола алады", - деп жазды басылым.

Еске салайық, 2019 жылдың шілдесінде Әбісатов қатты жанжал туындаған кезде ІІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Желіге генерал ақтөбелік қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп жатқан аудиожазба жарияланды.

Әбісатов жазба жарияланғаннан кейін кешірім сұрады. Ол "36 жыл бойғы қызметінде халықты қорғаған қоғамның қылмыстық тілін бойына сіңіргенін", сонымен қатар, "Ақтөбе полициясының барлық қызметкері туралы емес, тек халық ақшасы мен мемлекеттік мүлікке немқұрайды қарайтындар туралы" айтқанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети