16 қазан 2016 16:09

БАҚ алматылық атқыш туралы жаңа мәліметтер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған айыпталушы Руслан Күлекбаев бұрындары кикбоксингпен айналысқан және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болған, деп хабарлайды Qamshy.kz сотталушының жақын жосына сілтеме жасап. Ертең, 17 қазанда алматылық атқыш Күлекбаев пен оның сыбайластары сот алдында жауап береді.


Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған айыпталушы Руслан Күлекбаев бұрындары кикбоксингпен айналысқан және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болған, деп хабарлайды Qamshy.kz сотталушының жақын жосына сілтеме жасап. Ертең, 17 қазанда алматылық атқыш Күлекбаев пен оның сыбайластары сот алдында жауап береді.

Есімін жарияламауды өтінген адам, кикбоксингпен шұғылданған Күлекбаевтің "Спорт шеберлігіне кандидат" деген атағы да бар екенін айтты. Русланның досы оның Алматыдағы қанды қылмысқа баруын түрмеде жүріп психологиясының бұзулыумен байланыстырып отыр. Күлекбаев 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1994 жылы отбасымен Тереңөзек кентінен Байқоңыр қаласына көшіп барған. Әкесі мен шешесі ажырасқан. Қазір әкесі Астанада тұрады, басқа отбасы бар. Руслан үйде алты ағайынды екен. Русланның алдында бір ағасы, бір әпкесі, үш інісі бар. Естеріңізге салсақ, Р. Күлекбаев 2010 жылы 27 тамызда кісі тонағаны үшін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен шартты жазаға кесіліп, 2012 жылы заңсыз қару сақтағаны үшін Қызылорда қалалық сотының үкімімен алдыңғы жазасын қоса есептегенде үш жарым жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети