21 мамыр 2020 16:51

Бақауовтың бұрынғы орынбасары жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған Ұлан Жазылбек жаңа қызметке келді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған Ұлан Жазылбек жаңа қызметке келді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, Қорғас – сервис ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 - 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети