27 ақпан 2019 12:17

"Бақылауда ұстаймын" - Назарбаев мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз көлемді әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асырып жатырмыз. Дамуға кететін қаржыны төмендетпей, мұқтаждарға көмектесуіміз керек. Биыл республикалық бюджеттегі бүкіл шығынның 45 пайыздан көбі әлеуметтік салаға жіберіледі. Халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыру үшін Ұлттық қордан қаражат бөлуге шешім қабылдадым. Үкімет осы  қаражатты дұрыс игеруі керек, бөлінген қаражат діттеген жерге баруы тиіс", - деді Елбасы Тәуелсіздік сарайындағы "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, жиналған резервтер қиын сәттерде жарамды болады.

"Әлеуметтік саясат үйлесімді болуы керек және керенаулық әрекетті өсірмеуі тиіс. Мемлекеттің басты мақсаты - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Көмек аса мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Мұны өз бақылауымда ұстаймын", - деді Назарбаев.

2018 жылы 5 қазанда Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Үндеуін жолдаған еді, мұнда басты тақырып қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, кірістер мен өмір сапасын өсіру болды. Президенттің айтуынша, әр адам еңбекқор, өз ісінің маманы болып, соған лайықты жалақы алса немесе өз кәсібін ашатын жағдайға жетсе, тұрғындардың да кірістері көбейеді.

Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минимал жалақыны 1,5 есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге өсіруді тапсырды. Бұл меншіктің түрлі формаларындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамға тікелей қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев мұндай өсім бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 275 мың адамды қамтитынын айтты, олардың жалақысы 35 пайызға артады.

Осы мақсатта 2019-2021 жылдар арасында республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети