10 наурыз 2016 | 15:27

Бақыт Сыздықова мәслихат сайлауынан шығып қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың 17 округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатурасын ұсынған Бақыт Сыздықова сайлаудан шығып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың 17 округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидатурасын ұсынған Бақыт Сыздықова сайлаудан шығып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықованың айтуынша, қазіргі уақытта ол Ақтауда іссапармен жүр. Ал бүгін оған округ комиссиясының өкілдері хабарласқан.

"(...) Білесіз бе, дұрыстығыма сенімдімін. Қазіргі уақытта Ақтаудағы форумда болғандығымнан, қолымда құжаттар жоқ. Маған хабарласып "келіңіз, сіздің сайлаудан шығарылатыныңыз жайлы хаттама береміз" деді. Салық декларациясында мәселелердің барын айтты. (...) Мен сайлауға дұрыс әрі нақты дайындалдым, бірнеше салық кеңесшісінен кеңес алдым, олар менің барлық есебімді, картамды, зейнетақы жинағымды тексеріп берді", - деді Сыздықова.

Айта кетейік, Астанада өзін-өзі ұсынған бірнеше үміткер сайлаудан шығып қалды. Редакция сайлау комиссиясынан өзін-өзі ұсынғандар туралы нақты мәліметтер мен олардың неліктен шыққанын сұрастырды. 

Бақыт Сыздықова осыған дейін де Астананың мәслихатына депутаттыққа ұсынылған, сонымен қатар ол Парламент Мәжілісінің ІV шақырылымындағы депутаты болған. Биылғы ақпанда Сыздықова Астананың мәслихат депутаттығына қатысуға арыз жазған еді. 

Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы мен кезекті мәслихат сайлауы 20 наурызда өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети