Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жетті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа жетті Сурет: azh.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. 

Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (с) бойынша айып тағылды.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Атырау облысының арнайы тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Онымен бірге облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети