09 наурыз 2021 17:52

Бақытжан Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Нарымбетов. Фото:instagram.com/uralskakimat Бақытжан Нарымбетов. Фото:instagram.com/uralskakimat

Бақытжан Нарымбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бақытжан Нарымбетов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінде білім алған. Әлеуметтану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдарда бастаған.

2013-2014 жылдары - Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы; Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы.

2014-2016 жылдар аралығында Орал қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы, облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы.

2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы.

Ал 2018 жылдың наурызынан бүгінге дейін Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін БҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Серік Сегізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети