i-balaqai жобасының кезекті шығарылымында психолог Ирина Млодик балаға зорлықпен тәрбие берудің салдары туралы айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
i-balaqai жобасының кезекті шығарылымында психолог Ирина Млодик балаға зорлықпен тәрбие берудің салдары туралы айтып береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан көре аласыздар.
i-balaqai жаңа шығарылымы 23 сәуір сағат 20:00-де "Дербестік және бассыздық: карантин кезіндегі ата-ананың билігі" атты тақырыпта Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында және 20:30-да Tengri-Tv-дің YouTube-арнасында өтеді. Тікелей эфирде психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалдық бағыт бойынша психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик жүргізуші Махаббат Есеннің сауалдарына жауап береді. Оның ішінде ата-ана билігінің қорғаушы тіректен жойқын күшке айналуы, зорлықпен тәрбие берудің салдары талқыланады.
"Бала ата-ананың мүлкі ретінде немесе жақсы адам жасап шығаруға арналған дайындама ретінде қарастырылған кездер болды. Уақыт өте келе балаларға деген көзқарас үйлестіріле бастады, ал кей отбасыларда балалардың культі пайда болған. Ол жағы жақсы ма, жаман ба әрбір жеке жағдайда бала тәрбиесі әртүрлі болады. Бұл үнемі ұзақ пікірталас туатын мәселе. Бүгінгінің балалары - үлкен құндылық және ол жай ғана адам емес, жеке тұлға. Яғни, баланы басқаша тәрбиелеуге тура келеді", - дейді журналист, "Медиа дамыту қоры" КҚ бас директорының орынбасары Махаббат Есен.
Көкейде жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Оған жауапты тікелей сарапшы береді.
Сонымен қатар, психолог ата-ананың балаға әсері және барлығы балаға деген махаббат мәселесін талқылайды.
Ирина Млодик балаларға және ересектерге арналған кітаптар мен мақаланың, "Детская комната", "Неспешность и подлинность" курстарының авторы және Psychologies журналының сарапшысы.
Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-нің YouTube-арнасынан көре аласыздар. Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz, Massaget.kz сайттарынан, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында тыңдай алады.
Сондай-ақ i-balaqai жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақалалар мен видеоларды тамашалай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!