16 сәуір 2020 12:19

Tengrinews-те i-balaqai жаңа жобасы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен біріге отырып i-balaqai атты жаңа жоба бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен біріге отырып i-balaqai атты жаңа жоба бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді көрермендер мен оқырмандар бала тәрбиесі мен білім беру туралы мәліметтер алып, сондай-ақ, интерактив сұхбат барысында қазақстандық және шетелдік психологтар, педагогтермен, бала денсаулығы саласындағы мамандармен және басқа да сарапшыларға сұрақтар қоя алады.

Олар онлайн режимде тәжірибесін бөлесіп, пайдалы кеңестерін айтады. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz аккаунтынан көре аласыздар.

Сосын ол видеожазба TengriTV-ның YouTube арнасында жарияланады. Оқырмандар, көрермендер және тыңдармандар онлайн сұхбатты біздің сайтта және Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанциялары мен 7 арнаның YouTube-арнасынан көре алады. Сондай-ақ, i-balaqai жобасы аясында пайдалы мақалалар, видеолар көрсетіледі.

i-balaqai жобасының алғашқы шығарылымы "Карантиннен кейінгі біз және біздің балалар" деген тақырыпта болады, эфир 16 сәуірде сағат 20.00-де көрсетіледі. Тікелей эфирде журналист Ренат Ташқынбаев Балалар құқығы бойынша уәкілетті өкілі, "Милосердие" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саинмен сұхбаттасады.

Аружан Саин карантин мен төтенше жағдай режиміне байланысты қазақстандық отбасыларда қандай проблемалар болатынын айтты. Сондай-ақ, ол балалардың болашағы үшін не істеу керегі туралы әңгімелейді.

Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылордада дүниеге келген. Көп жылдар бойы республикалық телеарналарда жұмыс істеді. Қазақстан Президентінің 2019 жылдың 9 желтоқсанындағы жарлығы бойынша "Құрмет" орденімен марапатталды.

Бүгін сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz аккаунтынан көріңіздер! Жазылуды ұмытпаңыздар! 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети