19 тамыз 2020 11:00

Балалар жолдағы шұңқырды "екі жасқа толуымен құттықтады". Әкімдік түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/almaty_kris_p Фото:instagram.com/almaty_kris_p

Балалар Желіде "екі жасқа толуымен құттықтаған" шұңқыр жөнделеді. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балалар Желіде "екі жасқа толуымен құттықтаған" шұңқыр жөнделеді. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде қолында торт пен шарлары бар балалар жолдағы шұңқырды екі жасқа толуымен құттықтағаны түсірілген видео пайда болған еді.

Бұл шұңқыр бастапқыда ойлағандай Алматыда емес, Алматы облысының Көксай кентіндегі Пушкин көшесінде орналасқаны белгілі болды. Бұл туралы роликтің авторы айтты.

"Аты-жөнімді көрсеткендеріңізді қаламаймын, себебі халық мені пиар жасап жатыр деп ойлайды. Бірақ мен осы жолды жөндегім келеді. Сонда досым тұрады. Ол менен осы мәселені шешуді сұрады. Мен торт пен шарларды сатып алдым, жазба дайындап, сол жақтағы балаларға бердім. Жалпы бұл шұңқырға екі жылдан асты", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Адрес:Город Алматы, район Карасай, улица Пушкина. Дети поздравляют с днём рождения яму.

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Алматы облысының әкімдігінің өкілдері жақында Пушкин көшесі жөнделетінін айтады.

"Осы жылы Көксайдағы Наурызбай батыр көшесіне асфальт төсеу жоспарланған. Пушкин көшесіндегі бұл шұңқыр да осы ауылда орналасқан, онда шұңқырларға жөндеу жүргізіледі", - деді Алматы облысы Қарасай ауданының баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети