Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Балалар мысал ретінде ақша келтірілген есептерді тез шешеді - ҚР БҒМ вице-министрі

25 Тамыз 2016, 13:58
0

ҚР Білім және ғылым вице-министрі бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтардағы тапсырмаларда мысал ретінде ақша келтірілген есептерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде жеміс-жидектер жайлы, қыс айы жайлы да, отбасы мүшелері жайлы да есептер бар. Әдетте балаларға "есеп" деп айтқанда, олар оның барлығын ақша ретінде есептейді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеуіне қарағанда балаларға тапсырманы түсіндірген кезде оларға ақшаны мысал етіп көрсетсең, оқушылар есепті тез шешеді. Сондықтан біз оқулықтарға осындай мазмұндағы тапсырмаларды қостық. Ол оқулықтарда ақшаны мысал етіп түсіндіруге болатын тек бір немесе екі тапсырма кездесетін болады", - деді ҚР БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Осыған дейін ҚР БҒМ мектептерде смартфон қолдануға тыйым салуға қатысты түсінік берген еді. "Әр мектеп смартфондарды қолдануға тыйым сала ма, жоқ па өздері шешеді. Нақты шешімге келу үшін ата-аналармен сөйлесу керек. Шынында да көп ата-ана балаларының мектепте смартфон қолдануына қарсы емес, себебі олар телефон арқылы балаларының қай уақытта мектепке жеткенін және үйге қайтатын уақытын бақылап отыра алады. Қазіргі уақытта көп мектептер сандық технологиямен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан біз балаларға смартфондарды қолдануына тыйым саламыз деп айта алмаймыз", - деді вице-министр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай