1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Балалар өтпелі кезеңді қалай өткеруі керек? Дәрігер кеңестері29 қазан 2020, 14:30

I-BALAQAI жобасында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психотерапевті Рашид Азизов ата-аналар мен балалар өтпелі кезеңге қалай дайындалуы керегін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады. 

Бүгін, 29 қазан сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналында көре аласыздар. Спикер "Жасөспіріммен қалай тіл табысуға болады?" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ маман процестен жеңіл әрі ешбір проблемасыз өтуге байланысты ұсыныстарын бөліседі. 

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша сарапшысы Рашид Азизов стресс жағдайларының психофизиологиясы мен стресті басқару мәселелерімен айналысады.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!