Балалары үшін Астанаға көшіп барып, бәрінен айырылып қалған. Отбасы жантүршігерлік өрттен кейін көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалары үшін Астанаға көшіп барып, бәрінен айырылып қалған. Отбасы жантүршігерлік өрттен кейін көмек сұрады Бейнежазбадан алынған кадрлар, фотоны қаза тапқан баланың әкесі ұсынған

Жаслан Нұғымановтың отбасы осыдан екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысынан Астанаға көшіп барған. Бұған балаларына түзету орталықтары мен ем-дом қажеттігі себеп болған. 13 мамырда олардың Сарыарқа ауданындағы үйі өртеніп кетті. Тілсіз жаудың салдарынан 2016 жылғы бала қаза тауып, отбасы баспанасыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жаслан Нұғымановтың отбасы осыдан екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысынан Астанаға көшіп барған. Бұған балаларына түзету орталықтары мен ем-дом қажеттігі себеп болған. 13 мамырда олардың Сарыарқа ауданындағы үйі өртеніп кетті. Тілсіз жаудың салдарынан 2016 жылғы бала қаза тауып, отбасы баспанасыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қайсыбіріне үлгерерімді білмеймін. Жан-жақтан жалғыз қалғандаймын. Тіпті қайғыруға да уақыт болмады", - деп бастады әңгімесін Жаслан Нұғыманов.

Қазіргі уақытта отбасы туыстарының үйін паналап отыр. Агрогородок ауданынан өз қаражаттарына сатып алған үйлері күлге айналды. Осы өртте Жасланың баласы опат болды. Тілсіз жау дүние-мүлікті, құжаттарды, марқұм ағасының көлігін жойып, отбасының елордаға көшкеннен кейін қалыптастыра бастаған үйреншікті тіршілігінің тас-талқанын шығарған.

Өрт 13 мамырда болған. Ер адамның айтуынша, сол күні үйде өзі, жұбайы, ата-анасы және ұлы болған. Үлкен баласы мектепте, ал кенжесі түзету орталығында болған екен.

Жаслан Нұғымановтың отбасы / Фото Жаслан Нұғымановтан алынды

"Ұлымыздың даму ерекшелігі бар еді. Ол көліктерді қатты жақсы көретін. Бір жаққа барып келгеннің өзінде көліктен түскісі келмейтін. Оған сонда отырған ұнайтын", - деп еске алды Жаслан.

Сол күні бала ауладағы көліктің ішінде болған. Жаслан әйелі мен анасының айғайын естіп, аулаға жүгіріп шыққанын еске алады. Ол көлікті ашып, баланы алып шығуға, содан кейін жұбайымен бірге өртті сөндіруге тырысқан. Бірақ тілсіз жау алапат күшпен таралған.

"Не істерімді білмедім. Баланы да құтқару керек, өртті де сөндіру керек, әрі әкемнің жағдайына да қарау керек болды. Бәрі қас-қағым сәтте болды", - дейді ол.

Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі 13 мамырда Сарыарқа ауданындағы Аспара көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскенін айтты.

"Шақырту орнына ТЖД бөлімшелері шұғыл жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде жеке тұрғын үй мен аулада тұрған жеңіл көліктің ашық жалынмен толықтай жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру барысында 2016 жылғы баланың денесі табылды", - деп хабарлады ведомство.

Фотоны Жаслан Нұғыманов ұсынды

Өрт 200 шаршы метр аумақта толығымен ауыздықталды. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Өрттен кейін отбасы іс жүзінде баспанасыз қалды.

"Үй жанып кетті. Қазір туыстарымыздың үйіндеміз. Сарыарқа ауданының әкімдігі бір айға баспана жалдауға 300 мың теңге берді. Тағы бір-екі ай пәтер жалдауға көмектесуіміз мүмкін деді. Ал одан ары қарай, өкінішке қарай, ешқандай көмек бере алмайды екен", - деді Жаслан.

Оның айтуынша, отбасы түрлі мемлекеттік органдарға жүгінген, бірақ әзірге оларды бір мекемеден екіншісіне сілтеп жатқан көрінеді.

Фотоны Жаслан Нұғыманов ұсынды

"Әкімдік бізді соларға жібереді, олар бізді әкімдікке жібереді. Шыны керек, бюрократиядан әбден шаршадық... Онсыз да әрең шыдап отырмыз. Жаз өтіп жатыр, уақыт зымырап барады. Үйді көтеріп, құрылыс бастау керек, ақша жинау керек", - дейді ер адам.

Балалар үшін көшіп келген

Жасланның жиені, 24 жастағы Диана Нұғыманова, туыстарына көмек сұрап жазба жазды. Өкінішке қарай, бұл қайғылы оқиға олардың отбасы үшін алғашқы ауыр қаза емес.

2024 жылдың ақпан айында оның әкесі - Жасланның үлкен ағасы қайтыс болған. Диананың айтуынша, әкесі геморрагиялық инсульт алып, бірнеше күн комада жатқан.

"Әкем 9 ақпанда қайтыс болды. Мүлде күтпеген едік. Ол үйдің үлкені еді, отбасына көмектесіп, үлкен тіреу болып жүретін", - деді ол.

Диананың сөзінше, әкесінің өлімінен кейін атасының денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Ол ауруханаға түсіп, шыққаннан кейін көп ұзамай өрт болған.

"Атам ауруханада жатып, шыққаннан кейін тура бір аптадан соң өрт шықты. Үй жанып, көлік күл болып, баламыз шетінеп кетті. Бұл қайғыны қалай жеткізерімді де білмеймін. Мәселе ақшада емес, мәселе ең жақын адамдарымыздан айырылғанымызда", - деді Диана.

Жаслан Нұғымановтың отбасы Астанаға осыдан екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысынан көшіп келген. Олар ауылдағы үйлерін сатып, қаражатты елордадан баспана алуға жұмсаған. Көшу себебі қарапайым еді: балаларға арнайы сабақтар, түзету орталықтары мен даму үшін көбірек мүмкіндіктер қажет болған.

Фото Жаслан Нұғымановтан алынды

"Астанада мүмкіндіктер көп. Петропавл бәрібір де кішігірім қала. Онда балалармен айналысуға мұндағыдай жағдай жоқ. Сондықтан біз шешім қабылдап, осында көштік", - деді Жаслан.

Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берген кейіпкердің айтуынша, осы қайғылы оқиғаға дейін отбасы бәріне өз күштерімен жетуге тырысқан. Үй жалдамалы емес, өз қаражаттарына сатып алынған.

"Мемлекеттен ешқашан ештеңе сұраған емеспіз. Әрқашан өзіміз тырыстық. Үйді де ипотекасыз, кредитсіз, өз ақшамызға алғанбыз", - деді ол.

Қазір Жасланның отбасында алты адам бар: өзі, жұбайы, екі баласы және ата-анасы. Ұлдарының бірінің де даму ерекшелігі бар. Жұбайы жұмыс істемейді - бала тәрбиесімен айналысады. Ер адам автосалонда жұмыс істейді және оның айтуынша, отбасының жалғыз асыраушысы.

Болған жағдайдан кейін Жасланның анасы ауруханаға түсті. Әкесі, оның айтуынша, үш рет инсульт алып, денсаулығында кінәраттар пайда болған.

Фотоны Жаслан Нұғыманов ұсынды

"Еңсе түсіруге болмайды. Өйткені артымда екі балам қалды. Біреуі аутист, ата-анам қарт кісілер, өздері де ауырып жүр. Бәрін өз мойныма алуға тырысамын", - дейді ол.

Нұғымановтар отбасы жұртшылықтан көмек сұрайды, себебі өрттен кейін олар жалғыз өздері еңсере алмайтын қиын жағдайға тап болды.

"Әрбір тиын, әрбір зат үйіміздің құрылысына жұмсалады. Кез келген көмек қажет. Кімнің шамасы неге келсе, соны аямаса екен", - деді Жаслан.

Оның жиені Диана отбасы кез келген көмекке риза болатынын айтады.

"Біз көмек сұраймыз - мейлі ол адамгершілік, мейлі моральдық тұрғыда болсын, қолдан келгенше. Ағам ата-анасының жалғыз ұлы болып қалды. Ол бауырынан айырылды, енді міне ұлынан... Қазір ол есеңгіреп жүр. Ересек адам болса да, өзін жоғалтып алғандай", - дейді ол.

Жаслан Нұғыманов қазір оның отбасына үйді қалпына келтіріп, балалары, ата-анасы және ұлының рухы үшін қалыпты өмірге оралу керектігін айтады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.81   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +26
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +30
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +24
Тараз +28
Түркістан +21
О
Орал +26
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер