20 қаңтар 2021 10:53

Балаларды мектепте вакцинациялау туралы тағы бір фейк хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакцинациялау күні мектепте болуы вакцинациялауға берілген келісімге тең деген хабарлама тарады, - деп жазады Stopfake.kz.


Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакцинациялау күні мектепте болуы вакцинациялауға берілген келісімге тең деген хабарлама тарады, - деп жазады Stopfake.kz.

Дереккөз мәліметінше, шын мәнінде, хабарлама авторы сүйеніп отырған мәтінді ДДҰ 2014 жылы жариялаған және оның COVID-19 пандемиясына немесе осы ауруға қарсы вакцинациялауға еш қатысы жоқ.

"Сондай-ақ, бұл құжат іс-қимыл нұсқаулығы немесе ережелер жиынтығы емес. Таратылып жатқан постта ұсынылған дәйексөзден алынған абзацтың тақырыбында: "Вакцинациялауға келісім алудың кең таралған жолдары" делінген. Одан әрі мәтінде әр түрлі елдерде қолданылатын жазбаша, ауызша және болжалды келісім алу стандарттары сипатталған", - деп жазады басылым.

Қазақстанда баланың вакциналау күні мектепте болуы процедураға берілген келісім ретінде қарастырылмайтыны айтылады.

"2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға" құқылы.

Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен хабардар түрде бас тартуға құқылы. Қорыта айтқанда, тарап жатқан ақпарат жалған және COVID-19-ға қарсы вакциналауға да, Қазақстанға да еш қатысы жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети