17 маусым 2024 15:59

Балалардың денесін шатастырып берген: Қызылорда тұрғыны мәйітхананы сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қызылорда қалалық сотына келтірілген моральдық залалды өтеуді сұраған қала тұрғынынан облыстық патология бюросы үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда қалалық сотына келтірілген моральдық залалды өтеуді сұраған қала тұрғынынан облыстық патология бюросы үстінен шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап қоюшының 4 айлық қызы 2023 жылы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

"Сол күні перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі өлі туылған. Балалардың мәйіттері мәйітханаға жеткізілген. Талап қоюшыға мәйітті беру туралы өтініш бергенде, мәйітхана қызметкерлері оның баласының мәйітін қателесіп басқа ата-анаға берілгенін хабарлаған. Олар мұны білмей, талап қоюшының сәбиін жерлеген", - делінген хабарламада.

Содан кейін эксгумация рәсімі жүргізіліп, қыздың денесі талап қоюшыға берілген.

"Міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін мәйітхана қызметкеріне тәртіптік жаза – қатаң сөгіс берілген. Бюроның бас дәрігері қызметінен босатылған. Сот бұл факт медициналық мекеме қызметкерлерінің салғырттығынан болғанын растады.

Бұл жағдайлар талап қоюшының моральдық-психологиялық азап пен эмоционалдық күйзеліске түсуіне себеп болған. Осыған байланысты сот талап қоюды қанағаттандырып, моральдық зиянды өтеу ретінде талап қоюшының пайдасына патологиялық бюродан 1 миллион теңге өндірді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети