01 қыркүйек 2022 12:21

"Балалардың шоттарына аудару": Тоқаев жаңа бағдарлама ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасын бастауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасын бастауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында "Ұлттық қор - балаларға" қағидатты түрде жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын.

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге Нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.66   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети