01 ақпан 2024 11:31

Балаларға берілетін төлем: егер ақша түспесе, ата-ана не істеуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:

  • балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі); жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
  • egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).

Егер балада:

  • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
  • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісін түспеген кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептеледі", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети