Балалармен жыныстық мазмұндағы хаттар жазысқан ересектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды

14 Желтоқсан 2016, 12:28
0
Балалармен жыныстық мазмұндағы хаттар жазысқан ересектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды - © Yamobi.ru
© Yamobi.ru

Мәжілісмен Артур Платонов балалармен жыныстық мазмұндағы хаттар жазысқан ересектерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат бұл сауалын ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.

"14 жасқа дейінгі кәмелет жасына толмағандардың өміріне қол сұғушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын. Сондай-ақ, балалармен жыныстық мазмұндағы хаттар жазысқан ересектерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамын. 14-15 жастағы қыздарды ұрлап кететіндерді, яғни, болашақ қалыңдығым келісімін берді деп қызды ұрлайтындардың әрекетін жасырғандарға да қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамын", - деді Артур Платонов.

Сонымен қатар, мәжілісмен соңғы кездері жаңалықтарда педофилдер жайлы көп айтылып жататынын атап өтті.

"Біз күнделікті балаларға жасалып жатқан зорлық әрекеттер жайлы естиміз. Соңғы 10 жылда құқық қорғау органдары өкілдерінің қолданып жатқан шараларына қарамастан, Қазақстанда педофилдердің саны көбейіп жатыр. Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есепке алу порталында педофилдерге арналған база іске қосылды. Онда осындай мазмұндағы 1200 қылмыс көрсетілген. Қылмыскерлердің 63-і осыған дейін де балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотты болған. Қазақстанда педофилдерге қатысты химиялық кастрация жасау туралы заң да қабылданды. Бірақ ол заң 2018 жылдан бастап қолданылатын болады. Алайда әлемдік тәжірибеге сүйенсек, құқық қорғаушылар, заңгерлер және дәрігерлер бұл заңның қоғамдағы педофилдердің мәселесін шешеді дегенге күмәнданады", - деді мәжілісмен.

Еске сала кетейік, 17 наурызда Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қатысты шешім қабылданған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай