Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қатысты шешім қабылданды

17 Наурыз 2016, 14:07
3

Қазақстанда химиялық кастрацияға заңмен рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сенаттың жалпы отырысынан.

"ӘҚБтК, қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер жыныстық қол сұғушылық мәніндегі қылмыстардың жазасын қатаңдатуға бағытталады. Оның ішінде педофилдерге химиялық кастрация түріндегі медициналық шараны қолдану нормасы бар", - деп мәлімдеді Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында. Парламент бұл заң жобасын қабылдады.

Кейін халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова әңгіменің бір реттік инъекцияға қатысты екенін түсіндірді.

"Химиялық кастрация - бұл уақытша нәрсе, ол адамға жыныстық зорлық жөнінде ескерту жасау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл бір реттік инъекция. Бұл дегеніміз инъекция жасалды, енді ол өмір бойы сондай болып қалады дегенді білдірмейді. Мүлде олай емес. Бұл медициналық ұйымдардың сот шешімі шыққан жағдайда ғана жүзеге асады. Өзгеріс талқыланды, егер біз осылайша тым болмаса бір баланың өмірін сақтап қалсақ, оны істеуге болады деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз қалыпты жағдай емес, олар психикалық ауруға шалдыққандар немесе өзге де ауытқушылығы барлар деген сөз. Балаларды қорғау үшін бәрін жасауымыз керек. Бұл жетім балаларға ғана қатысты емес, бұл еліміздің барлық балаларына қатысты. Әлемде мұндай тәжірибе бар және біз де мұнымен күресуге тиіспіз", - деді Әйтімова.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай