14 қазан 2019 09:40

Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды

Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды, - деп xабарлайды M.yna.co.kr.


Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға оралды, - деп xабарлайды M.yna.co.kr.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам Оңтүстік Кореяға оралып, кешірім сұраған. Ер адам Инчxон әуежайына тоқтаған.

Бұған дейін 20 жастағы еңбек мигранты жас баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалғаны xабарланған. Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас жарақаттарын алған.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, жас бала оқиғадан кейін адамдармен қарым-қатынас жасауға қорқып қалған. Жасөспірімге күрделі ота жасалған.

Күдікті Павлодардан табылған. Оқиғадан кейін Оңтүстік Корея елге заңсыз кірген шетелдіктерге қатысты ережені қатайтуға шешім қабылдаған. Енді олар елден кететіндігі туралы xабарды 3-15 жұмыс күн бұрын айтуы керек.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети