22 мамыр 2020 | 20:00

Баланың эмоциясын ойын арқылы айқындау. i-balaqai жобасында психолог Виктория Шиманская

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская баланың дербес өмір сүруіне дайындау туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская баланың дербес өмір сүруіне дайындау туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Реклама
Реклама

Кей ата-аналар олардың баласы ештеңені білмейді деп есептеп, оның күнделікті кестесін түрлі курстар мен дамытуға арналған сабақтармен толтырып тастайды. Виктория Шиманскаяның ойынша, өзінің қызығушылықтары бар дарын призмасы арқылы қарау керек. Мұндай жағдайда бала айналасындағылармен еркін тіл табысып, болашақ жары мен мамандығын таңдауда қателеспейтін болады.

"Бұл - әлеуметтік эмоциялық интеллект немесе social emotion learning принципі бойынша жұмыс істеудің нәтижесі. Ол істеуі қажет деген ой болғанда, кейде өкінішке қарай, балалар "анашым, мен шаршадым, ештеңені қаламаймын" деп айтады. Біраз уақыт бұрын мұндай жағдайды елестету қиын болды", - дейді психолог. 

Сарапшы IQ және EQ қарама қарсы емес екенін, бір-бірімен байланысты екенін айтады. Егер адамның эмоциясы тұрақты болса, мансабында үлкен жетістіктерге жетеді. 

"Біз баланста болған кезде эмоциямызды басқарып, кәсіби құзыретіміз еселене түседі. Эмоционалдық интеллект - ол тек сезу, қобалжу туралы емес. Эмоционалдық интеллект - өзіңнің не үшін алаңдап тұрғаныңды түсіну, басқа адамдардың көңіл-күйін түсіну. Бастысы - эмоцияның туындау себебін түсініп, оны әрекетіңмен байланыстыра білу. 

Бала түрлі себеп бойынша еркелеуі мүмкін: оның қарны ашқанда, шаршағанда, мультфильм көріп, ойыншық ойнағысы келгенде. Негізі себеп төрт түрлі болғанымен олардың бәрі бірдей. Эмоционалдық интеллекті дамыған ата-ана оның себебін түсінеді. Ол бала қарны ашып жылағанда не қолынан іс келмегенде басқаша әрекет етеді де көмектескіш ата-ананы қосады. Егер ол жай тексеріс болса, ата-ана қатал әрі нақты жауап береді: жоқ дедім бе - жоқ, сен 25 минут қана отырасың не екеуміз келіскен затты алып беремін деп келістік қой. Сол кезде ол айналамен түсінікті байланыс орнатады", - дейді Виктория Шиманская. 

Психолог ата-ана болудың нейрондық байланысы саналы түрде қалыптасатынын айтады. 

"Маған ұрысқан кезде, мен шаршап тұрғанда, бір оқиға болғанда саналы түрде қалыптаспайды. Сол сәтте мен ашуланып, баламен сөйлесуге уақыт таппай отырғанда шара қолдануыма тура келеді. Сондай күй туғанда бізге ата-ана болу қиын, оның орнын толтыру керек секілді көрінеді. Егер мұның бәрі саналы түрде жасалса, ата-ана болудың нейрондық байланысы өзі-ақ қалыптасады. Бастысы - ол кейін біздің балаларымызға да беріледі", - деп түсіндірді сарапшы. 

Виктория Шиманская баламен күніне 10 минут сөйлескеннің өзі жеткілікті екенін айтады. "Менің балам жанымда, мен шын мәнінде менің қасымда жүргеніне қуаныштымын".

Ересектерге не жасөспірімдерге тест өткізу шешуші мәселе емес, бірақ ол белгілі бір кеңес беретіндей. Эмоционалдық интеллектіні дамытуға арналған тесттер бар. Бірақ ол үшін кішкентай балаларға көңіл аудару керек. Сарапшының сөзінше, мұндай жағдайда қарапайым тесттер қажет емес. Бұл ата-аналардың назарына. Мысалы бала қандай да бір сәтсіздікке қатты назар аударса, соған көңіл бөлу керек. Оған басқа балалармен араласу қиын. Ол, мысалы, дұрыс ұйықтай алмауы мүмкін. Балада қандай да бір қызығушылық жоғын байқайсыз. Егер бала үндемесе, оған эмоционалдық интеллект саласы бойынша назар аудару керек. 

Виктория Шиманскаяның айтуынша, мұндай жағдайда доп, ойыншық не сабын көпіршігін пайдаланған дұрыс. Бұл әдіс "Бала тең эмоция" емес екенін түсіндіреді. 

"Мысалы, "тыңдашы, саған не болды" деп сөйлесуге болады. Ол іштен шыққандықтан, біз оны бояп, оған қарап тұра аламыз. Бала мен оны түрлі түспен бояй алатынымды, мен ол туралы айтып, оны бақылай алатынымды түсінеді. Бұл жерде "ұл бала жыламайды, өзінің эмоциясын көрсетпейді, ол қыздар үшін ұят" деп айтудың қажеті жоқ", - дейді маман. 

Балаға не болып жатқанын, ол қандай эмоция екенін, ол неден туғанын түсіндіруге болады. Бірақ ол қорқынышты жайт болса, мамандарға жүгіну керек. 

Сарапшы мұндай жағдайда бүкіл отбасымен ойнауға болатын ойын түрін айтты. 

"Күніне 10 минут ойнап, шаттық қорабын жасадық деп елестетіңізші. Мен үшін шаттық деген не? Ол керемет ойын, керемет әсер. Балалар бір-бірін қытықтап, мандаринның иісі аңқып тұрған кезде жайлы атмосфера пайда болады. Ал негізі біз баланы өзінің эмоциясын түснуін үйреттік. Осылайша бәрін: қуанышты да, қайғыны да, адамдармен байланыс орнату дағдыларын 10 минут ішінде үйренуге болады", - дейді психолог. 

Дамудың әр кезеңінде ата-ана ескеруі керек бірнеше өзгешелік бар. Отбасының әр мүшесі сезімін шынайы жеткізе білуі керек. 

"Біздің эмоциялық түйсігіміз сенсорлы жүйемен байланысты екенін түсінуіміз керек. Сондықтан да көптеген дамытуға арналған орталықтың негізі моторикаға сүйеніп тәжірибе жасайды. Үш жасқа дейін сезімді шынайы жеткізіп, эмоцияны түсіне білу керек", - дейді Виктория Шиманская. 

Сарапшы ата-аналарға келесі формуланы ұстануға кеңес берді:

"Мен оны + өзім қалайтындықтан + сеземін", "сен оны + өзің қалайтындықтан сезесің". Мысалы, "Сен сезесің" деп айтқан кезде ренжисің, эмоцияны шетке ысырасың. "Себебі" - оның неден туғанын түсінеміз. "Қалайтыныңды" әрекетіңмен байланыстырасың. Бұл ең қарапайым сөйлемнің нақты механизмі", - дейді ол. 

Жындану, ашу секілді эмоцияның ауыр түрін ғана айтпай, қандай сезім туғанын айтып отыру керек. Бұл балада "мен сеземін" деген тіркеске кері көзқарас тумауы үшін қажет. 

Ата-аналар баланы мектепке дайындағанда оған тек оқу мен жазуды үйретпей, сондай-ақ адамдармен байланыс орнатуды үйрету керек. Оған: өзін таныстырып, адамдармен байланыс орнатып, ережеге бағынып, қажет жағдайда көмек сұрап не қол ұшын созу жатады. 

"Бастауыш мектепте еңбекқор, ақылды балалардың өзі адамдармен таныса алмайды, ондай мысал көп. Олардың сабаққа ден қоюға қолы тимейді. Стреске түсіп, алған білімі бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып, бала дамымай қалады. 5-8 жасында ол сезімнің себебін, неден туғанын түсіндіруге болады", - дейді маман. 

Ата-ананың бала жасөспірім шағындағы басты міндеті - баланың бағыты туралы көп сөйлесу. 

"Оған бірден "Қандай оқу орнына түсесің?" деп сұрақты төтесінен қоймай, "Сен неге қызығасың?" деп біртіндеп сұрау керек. Мектептегі пәндерге бағасына ғана қарамай, оған қандай сабақ қызық екенін түсіну керек. Зерттеу егер бала барлық пән бойынша 100 балл алған болса, оны іштей "Ал маған шын мәнінде не ұнайды?" деген сұрақ мазалайтынын көрсетті", - дейді Виктория Шиманская. 

Психологтың сөзінше, бала дербес болып қалыптасуы үшін таңдауды баланың өзіне қалдырған дұрыс. 

"Дербестік баланың өзіне таңдау жасату арқылы қалыптасады. Сондықтан егер бала кішкентай болса, біз оған кітап оқып берсек, төмен жақта орналасқан кітапты алып, қандай кітап оқу керегін шешеді. Егер ол бір кітапты 20 рет алып, бірақ сізде төменгі сөредегі кітаптардың орнын ауыстыруға мүмкіндігіңіз болса, ол басқа кітапты таңдайды. Бірақ ол шын мәнінде баланың таңдауы. Әр күнге арналған таңғы асты бір аптаға жоспарлап қоюға болады. 

Осындай кішкентай қадамдар арқылы үнемі жұмыс жасап, баланың өздігінен өмір сүруіне септігін тигіземіз. Бала мамандық таңдайтын кезде, "ол мамандықтың болашағы жоқ болса ше?" деген сұрақ туындайды. Сіз қандай мамандықтың болашағы жоғын болжай алмайсыз. Егер оны балаға міндеттеп қойсаңыз, кейін ол мамандықтан кетуі қиынға соғады. Себебі оны қайтадан үйреніп, кейде сол жұмыстан қиналып, сол салада жолы болмауы мүмкін", - дейді маман. 

Сондай-ақ Виктория Шиманская жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. оның айтуынша, балаға 7 жасқа дейін гаджет ұстатпаса ол басқа балалармен байланыс орнату қабілетін жоғалтып алуы мүмкін.

"Цифрлық ортаға байланысты аңыз көп. Басқа бір қате ой бар: кейде ақпараттың көптігі әке-шешенің орнын басады. Меніңше, осы кезде бала уақытша ақпарат алады. Әрине, ол бала күніне бес сағат желіде отырған кезде болады. Біріншіден, бұл физикалық белсенділіктің басқаша түрі. Ол негатив дүние. Баладан гаджетті екі жол арқылы алуға болады. Баланы таймер яғни, белгілі бір уақыт қоюға үйретеміз. Мәселе біз гаджет арқылы уақытымыз бен назарымызды ауыстырып алуда", - дейді маман. 

Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты. Психолог Анатолий Некрасов бала тәрбиелеудегі өзімшілдік мен бәсекелестік туралы әңгіме өрбітті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная