18 мамыр 2020 21:17

Бала тәрбиелеудегі өзімшілдік мен бәсекелестік. i-balaqai жобасында психолог Анатолий Некрасов

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, отбасылық психолог Анатолий Некрасов бала тәрбиелеудегі ер адам мен әйел адамның орны туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында жазушы, отбасылық психолог Анатолий Некрасов бала тәрбиелеудегі ер адам мен әйел адамның орны туралы айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Анатолий Некрасов ата-ананың балаға шектен тыс көңіл бөлуі көптен бері келе жатқан мәселе екенін айтады. 

"Бұл бірнеше жылдан бері келе жатқан дәстүр, сондықтан ол адамдардың санасында өте терең орын алған. Көптеген адам әлі де солай ойлайды. Бірақ балалар мәселесіне кезігіп, оның себебін іздестіре бастаған адам ақыр соңында олай тәрбие берудің дұрыс емес екенін түсінеді", - дейді сарапшы.  

Психологтың сөзінше, әке-шешенің балаға шамадан тыс көңіл бөлу - бала үшін, отбасы мен қоғам үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін.  

"Бұл бір ғана отбасындағы мәселе емес. Көптеген жанұядағы мәселе. Көп отбасының. Бұл - қоғамның дерті. Себебі өмірде ол адам тек белгілі бір жағдайға байланысты жайлы тұлға болмауы мүмкін. Мысалы, қоғамдық мәселелердің болуы - ішімдік, қылмыс жасау, есірткі, ойынқұмар болу. Оның барлығы балаға дұрыс бағыт бермеуден, оларды үнемі бірінші орынға қоюдан болады", - дейді Александр Некрасов. 

Бұл мәселе тек кеңес одағы кезіндегі елдерге емес, сонымен қатар, Александр Некрасов тұрып, зерттеген Еуропа, Азия, Қиыр шығыс елдеріне де тән. 

"Барлық ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды. Баласы бақытсыз болғанын қалайтын әке-шеше жоқтың қасы. Ол - күлкілі. Бірақ онда бақытсыз балалар неге көп? Себебі әке-шеше өмірдің басты мәнін жоғалтады. Оның біріншісі: ата-ананың өзі бақытты болуы керек. Тек сол кезде балаңызды бақытты ете аласыз", - дейді маман. 

Яғни, балаға тек өзіңде бар дүниені, денсаулықты, байлық пен бақытты сыйлай алады. 

"Басқа амал жоқ, жол жоқ, тек солай. Сондықтан өзіңізді алдамаңыз".  

Ал жалғызбасты аналар ұл баланы тәрбиелеуде балаға әйел адам ретінде қарау керек. 

"Әйел адам әрдайым еркекті оның жасына қарамастан, мейлі ол 5-те болсын, 60-та болсын, құрметтеп өткен. Ол ер адамды жалпы құрметтеген. Яғни, ол әйелдің табиғатында бар. Сондай әйелдің қасында ұл бала нағыз еркек болып өседі. Яғни, әйел адамның сондай энериясы арқылы ұл бала әкесінің жанында жүрген кезінен тезірек есейеді. Әкесі тек қандай да бір машыққа, өнерге баулуы мүмкін. Бірақ ұдл баланың ішкі жағдайын, энергиясын анасы әйел адам ретіне қалыптастырады", - дейді психолог. 

Сарапшы аналарға ұлын бала күнінен еркелетпей, толық атымен атау маңызды екенін айтады. 

"10 жастан кейін ешқандай "жаным", "күнім" деген болмауы керек, тек толық аты. Мысалы, ұл баланың жасы 20-да. Оның жұмысы бар, бірақ жағдайы онша болмай жүрген. Жұмыстан қиналып жүрген жігіттің мансабы да өспеген. Мен оның анасына: "Баланы толық атымен атаңыз. Оны "балам" деп еркелетудің қажеті жоқ. Ол - ер адам" дедім. Ол ұлын бір аптадай толық атымен атап, үйренісе бастады. Бір аптадан кейін ұлы жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл бір ғана мысал. Ер адам шын мәнінде өзгере бастайды", - дейді маман. 

Ал ер адамның бірінші міндеті - баланы еңбек етуге үйрету, қарапайым дүниелерді жасай білуін қадағалау. Қоқыстан бастап үйдегі электрді жөндеуге дейін. 

"Сол кезде оның қолынан келмейтін іс болмайды. Мынадай сөз бар: "Ол сенің қолыңнан келе ме?", "Істеп көрмеппін, бірақ қолымнан келеді". Бұл - ер адамның жауабы. Яғни, оның кез келген нәрсеге икемі келетін болады", - дейді Александр Некрасов. 

Қарым-қатынас орнатудың келесі элементі - еркекше сөйлесе білу. 

"Мен Түрікменстанда қонақта болдым. Ол жерде ер адам 7 жастағы ұлын шақырып: "Мен ертең іссапарға кетемін. Сен үйде менің орныма басты адам болып қаласың" дейді. Яғни, анасы, үлкен әпкелері барына қарамастан. Мен ол қарапайым ойын емес екенін, ол бірінші рет айтылып тұрмағанын түсіндім. Ұл бала оны түсіне бастайды. Ол - ер адамның тәрбиесі", - дейді психолог.

Сонымен қатар, әйел адамды сыйлай білу де маңызды. Тағы бір маңызды дүние - отбасындағы ер адам мен әйел адамның орны. Бұл - бірінші құндылық. Сол кезде бала жайлы жанұяда тәрбиеленеді. Бәрін байланыстыра білу керек. 

Психологтың сөзінше, ер адам қызына ханшайымдай қарауы керек. 

"Оның әйел адам екенін сезіп, ол әйел адам екенін айтып, әйел адам болып өсіп келе жатқанын білуі керек. Егер анасына сыйлық берсе, қызына да беруі керек. Яғни, ол бәрі бір деңгейде екенін сезуі керек. Бұл – маңызды. Қыз балада ер дамға деген құрмет көрсету қасиеті пайда болады. Ол өмірге ер адам әйел адамға қалай қарауы керек деген толық түсінікпен қадам басады. Сол кезде оның жанында өзі ойлағандай ер адам болады", - дейді маман. 

Сарапшы әйел адам неліктен ұлына қарағанда қызына қатты қарайтынын түсіндірді. 

"Жалпы ол (анасы) қызын қарсылас көреді. Ол қызынан өзінің қолынан келмейтін нәрсені, нәзіктікті көреді. Сөйтіп анасы бәрін ауыр қабылдауға тырысады. Ал ұлына керісінше. Ол ұлына күйеуіне көрсете алмаған махаббатын сыйлайды. Ер адамды жақсы көре алмайтын әйел адам махаббат жылуын ұлына сыйлайды. 

Қызына құрбысы ретінде қарау керек. Қызы-құрбысы. Егер анасы біліп тұрса да қызымен ақылдасса, көмек сұраса, қызында өзіне деген құрмет пайда болады. Ол өзін әйел адам екенін сезе бастайды", - дейді Александр Некрасов.  

Психолог балаға қол жұмсау дұрыс емес екенін айтады. 

"Бұл әдіс алғашқы кездері жұмыс істеуі мүмкін. Яғни, баланы ұру арқылы аздаған нәтижеге қол жеткізуге болады. Бірақ одан кейін үлкен өмірде әсер ететін мәселе туындауы мүмкін. Көбіне бұл әдісті пайдаланбаған жөн", - дейді психолог. 

Сондай-ақ психолог Александр Некрасов жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторы дайындаған сұраққа жауап берді. Оның ойынша, балаға цифрлық әлемнің қандай оңтайлы тұсы барын түсіндіру керек. 

"Интернет - кей отбасы үшін дертке айналған. Сондықтан мен балаларға оны не үшін пайдаланған дұрыс екенін түсіндіру керек. Балалар тек ойынды көреді, ал әке-шешесі оның не екенін, оның артықшылығын түсіндірмейді", - дейді психолог. 

Анатолий Некрасов балаға телефон сатып алып беруді мейлінше кейінге қалдырған дұрыс екенін айтады. Мысалы, 7 жасқа дейін балада 85 пайыз өмірлік процесі қалыптасып, санамен жұмыс істеу кезеңі басталады. 

"Ойнауына кейде рұқсат беруге олады, тек ол оның не үшін қажет екенін, оның мүмкіндігін түсінуі керек. Мысалы: "Сен мынандай қосымшаны көрдің бе?" деп сұрау керек. Шын мәнінде өте пайдалы қосымшалар көп", - деді Александр Некрасов.  

Эфир видеосын Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымында педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили әке мен баланың қарым-қатынасы, әйел адамға деген махаббат жайында әңгіме өрбітті. Шалва Амонашвилидің ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили "көктегі махаббат" жайлы айтты. Психолог Александр Колмановский жанұядағы дағдарыс пен жанжал мәселесін қозғады. Жазушы Наталья Ремиш балалардың қорқынышы, эмпатия және мультфильмдер туралы айтты. Педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер мектептегі бағалар, буллинг пен бала кездегі жарақаттар туралы айтты. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети