27 мамыр 2022 15:55

"Балапан ұясы бар бұтақты кесіп тастаған": Қарағандыда ағаш кесуге тапсырыс бергендер жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда Бөкетов көшесіндегі ағашты кесуге тапсырыс берген адам анықталды. Ағаш кесілген кезде құстардың ұялары зардап шегіп, балапандар мерт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда Бөкетов көшесіндегі ағашты кесуге тапсырыс берген адам анықталды. Ағаш кесілген кезде құстардың ұялары зардап шегіп, балапандар мерт болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ағаштарды кесуге тапсырыс берген адам оқиға орнына жақын орналасқан пиццерия иесі болып шыққан. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

"Бөкетов көшесіндегі ағаштарды кесу кезінде құстардың мерт болуына байланысты Қарағанды тұрғындарының пікірімен толық келісеміз. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің қызметкерлері осы жұмысқа тапсырыс берушімен кездесті. Ол пиццерияның басшысы болып шықты. Меншік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді аудан әкімдігі қызметкері.

Пиццерия басшылығы қарағандылықтардан көпшілік алдында кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай қателіктер жасамауға уәде берді.

Айта кетейік, Қарағандыда Бөкетов көшесіндегі ағаштарды кесу кезінде құстардың ұялары зардап шегіп, балапандар мерт болған еді. Оқиға орнынан түсірілген видео Желіде тарап, резонанс тудырған болатын. Қарағандылықтар ағаш кесуге тапсырыс берген адамды жазалауды талап еткен еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети