Балқашта оқушыны ұрғаны үшін айыпталған мұғалім бұл оқиғаның өз нұсқасын айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі оқушыға қол жұмсады деп айыпталған 25 жылдық еңбек өтілі бар мұғаліммен хабарласа алды.
Балқашта оқушыны ұрғаны үшін айыпталған мұғалім бұл оқиғаның өз нұсқасын айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі оқушыға қол жұмсады деп айыпталған 25 жылдық еңбек өтілі бар мұғаліммен хабарласа алды.
Мұғалім мүгедек қыздың анасы жала жауып отырғанын айтады. "Мен Қарағанды облысының сотынан ресми шешімді алдым. Қазір жұмыс орнындамын. Бірақ әзірше ешқандай өтемақы алған жоқпын. Мен бәрінен қарызға ақша алдым. Мұғалімдер - ең қорғансыз адамдар. Менің 25 жылдық еңбек өтілім бар, мен жұмысымды жақсы білемін. Дегенмен мен өз құқықтарымды қорғай алмай отырмын. Сол күні бақылау жұмысын жазған уақытта мен Дильназды ұрыппын, бірақ ондай нәрсе болған жоқ қой. Мен анасына бәрін түсіндіріп айттым, біз бұл туралы сөйлестік. Және мен Дильназға ауыр кітаптарды алып келуге мәжбүрлеген жоқпын. Бұл жала!", - деді әйел.
Сонымен қатар, гимназия директоры Бикен Дүйсенбаевтың айтуынша, ол сотқа кассациялық шағым түсірмекші, себебі мұғалімді қызметтен босату туралы шешім қызметтік тексерістің негізінде болған. Ол соттың мұғаліммен еңбек қарым-қатынасының бұзылуына байланысты бұйрық шыққан уақытта Едіресованың түске дейін жұмыс орнында болғанын айтып отыр. Бұйрықта оның қолы бар, бірақ ол кейіннен ол бұйрықпен келіспейтінін жазды. "Мен кассациялық шағым түсіремін. Соттың бұйрығын әлі алған жоқпын, жұмысқа қайта келу туралы бұйрыққа да қолымды қойған жоқпын. Мен бұл гимназияда бір жарым жылдан аса уақыт жұмыс істеп келемін, осы уақытқа дейін Досжановадан өзге бірде-бір ата-анадан баласына қысым көрсеткені үшін шағым түскен емес, Досжанова ол шағымын әлі дәлелдемеді. Бірақ ата-аналар тарапынан мұғалімге басқа шағымдардың түскені туралы айтылды", - деп түсіндірді мектеп директоры Бикен Дүйсенбаев.
Сол уақытта мұғалімнің қызметіне байланысты басқа да деректер пайда болды. Tengrinews.kz редакциясына басқа да балалардың ата-аналары хабарласты. Ата-аналардың бірі мұғалімнің оның баласының аузын скотчпен жауып, ұзақ уақыт бойы сыныптастарының көзінше бұрышқа тұрғызып қойғанын айтты. Ал екінші ата-ана Едіресованың моральдық қысым көрсететініне шағымданды.
Бұл оқиға туралы қалалық білім бөліміндегілер біледі. "Мұның бәрі қызметтік тексеріс барысында анықталды. Бұған дейін бізге ата-аналардың біреуі де келмеді. Бірақ қызметтік тексерісті бастаған кезде барлық ата-ана мұғалімнің өзін қалай ұстағаны туралы айта бастады. Скотч туралы да, моральдық қысым көрсеткені жайлы да. Әрине, енді бізге мұның бәрін тексеруге мүмкіндік жоқ, себебі барлық оқушы қазір басқа сыныптарға немесе мектептерге ауысып кетті. Ақша жинау дерегі бойынша да солай. Мұғалімді ешкім ақша жинаумен айналысуға мәжбүрлеген емес, бізде ақша жинауға мүлде болмайды. Мұғалімдер қол қоятын бұйрықтар болады. Ал Батила Едіресова өзінің дұрыс емес әрекетін мойындап, бұйрыққа өз қолымен қол қойған болатын. Ал бірақ сотта өзіне қысым көрсетілгенін айтты", - деді Балқаш қалалық білім бөлімінің жетекшісі Гүлмира Ағдарбекова.
Сонымен қатар, Балқаш қалалық білім бөліміндегілер мұғалімдердің тарапанын қол жұмсауға жол берілмейтінін айтты. "Біреудің баласына қол көтеруге ешкімнің құқы жоқ. Бұл жағдай болғанда Едіресова жазбаша түрде түсініктеме жазған болатын. Онда ол өз қателігін мойындаған еді. Оның қыздың анасынан кешірім сұрап, татуласуға да мүмкіндігі болды. Бірақ Едіресова олай істемеді. Әрине, біз оқушыға қол көтеретін мұғалімнің біздің мектепте жұмыс істеуіне қарсымыз", - деді ол.
Еске салайық, бұл жағдай Балқаш қаласындағы гимназияда болған. Төртінші сынып оқушысы Дильназ Досжанның анасы сынып жетекшісі қызын ұрды деп айыптаған еді. Кейіннен мүгедек қызды ұрғаны үшін жұмысынан қуылған мұғалімге қатысты жаңа деректер шыққан болатын. Дильназ Досжан туғалы бері дәрігерлердің бақылауында болған. Ол жүрегіне күрделі ота да жасатқан. Дәрігерлер қыздың жүрегіне арнайы аппарат қойған, соның арқасында қыз қатарластарынан кем емес. Сонымен қатар, қыз өкпенің обструктив, поликистоз және тыныс жеткіліксіздігімен ауырады екен. Науқастығына қарамастан қыз Балқаштағы гимназияда оқыды. Қыздың анасы Назима Досжанованың айтуынша, жарты жыл бұрын оның қызы жаңа қиыншылықтарды басынан өткерді. Қыз маңдайынан алған жұдырықтан жабық бассүйек ми зақымын алған.
Сонымен қатар, мұғалімнің сол гимназиядан және Балқаш қаласының білім бөлімінен оған 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуін және қайтадан жұмысқа алуын талап еткен. Балқаш сотының алғашқы инстанциясында оның бұл талабы қанағаттандырылмады. Бірақ мұғалім апелляцияға өтініш жазған. 2016 жылдың 30 мамырында сот оның азаматтық талаптарын орындай отырып, оны бастауыш сыныптардың мұғалімі ретінде жұмысқа қайта алған.
"Қарағанды мемлекеттік басқармасынан "Балқаш қалалық гимназиясы" Батила Едіресованың еңбекақысын өндіріп алу бойынша оған жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалуына байланысты салық және зейнетақы аударымдарын қоса есептегенде 1 693 322 теңге көлемінде қаражатты өндіріп алды", - делінген Қарағанды облыстық сотындағы апелляциялық ұжымның шешімінде. Сонымен қатар, Назима Досжанова Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және бақылау және атқарушы органдарға ашық хат жазды.