09 маусым 2016 11:48

Балқашта мүгедек қызды ұрғаны үшін жұмысынан қуылған мұғалімге қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дильназ © Дильназ

Балқашта мүгедек қызды ұрғаны үшін жұмысынан қуылған мұғалімге қатысты жаңа деректер шықты. Қалалық білім бөлімі қыздың анасы шағым түсіргеннен кейін істе қол жұмсау дерегін анықталса да, мұғалім сол гимназияда қайта жұмыс істеп жүр екен. Бұл туралы сот ісінің материалында белгілі болды, сонымен қатар "ДОМ" қорының басшысы Аружан Сайын да бұл туралы жазған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мұғалімді жұмысына қайта орналасу туралы шешім шығарған, тіпті оған жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалғаны үшін өтемақы төленеді екен.


Балқашта мүгедек қызды ұрғаны үшін жұмысынан қуылған мұғалімге қатысты жаңа деректер шықты. Қалалық білім бөлімі қыздың анасы шағым түсіргеннен кейін істе қол жұмсау дерегін анықталса да, мұғалім сол гимназияда қайта жұмыс істеп жүр екен. Бұл туралы сот ісінің материалында белгілі болды, сонымен қатар "ДОМ" қорының басшысы Аружан Сайын да бұл туралы жазған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот мұғалімді жұмысына қайта орналасу туралы шешім шығарған, тіпті оған жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалғаны үшін өтемақы төленеді екен.

Дильназ Досжан туғалы бері дәрігерлердің бақылауында болған. Ол жүрегіне ауыр ота да жасатқан. Дәрігерлер қыздың жүрегіне арнайы аппарат қойған, соның арқасында қыз басқа балалар сияқты өмір сүріп жүр. Сонымен қатар, қыз өкпенің обструктив, поликистоз және тыныс жеткіліксіздігімен ауырады екен. Науқастығына қарамастан қыз Балқаштағы гимназияда оқыды. Қыздың анасы Назима Досжанованың айтуынша, жарты жыл бұрын оның қызы жаңа қиыншылықтарды басынан өткерді. Қыз маңдайынан алған жұдырықтан жабық бассүйек ми зақымын алған. Оны сынып жетекшісі ұрған.

Назима бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді: "Барлығы ақшаның жоқтығынан басталды. Мұғалім жөндеу жұмыстарына деп 20 мың теңгеден жинады. Ал мен жиналыста ақша жинауға қарсы екенімді және 5 мың ғана бере алатынымды айттым. Мен балаларды өзім асыраймын. Осы қарсылығымнан кейін менің қызыма қысым көрсетіле бастады. Мұғалім Дильназға ауыр кітаптарды алып жүруге мәжбүрледі. Мен үндемедім. Онымен қоймай мені ата-аналар комитететіндегілермен барынша араздастырды, мен тағы да үндемедім. Тек қызымды ауруханаға алып кеткенде, менің шыдамым таусылды. Батила Едіресова қызымның бақылау жұмысының сыртын толтырғандағы қатесі үшін оны маңдайынан жұдырығымен ұрған. Дәрігерлер қызыма жабық бассүйек ми зақымы мен миы шайқалған деген диагноз қойды".

Анасының айтуынша, ол сотқа берген және Балқаш қалалық білім бөліміне шағым түсірген. Бірақ дәрігерлер қызға жасалған соққыларды белгілемей, Балқаштың сот-медициналық сараптамасына қыздың дені сап-сау деген құжатты берген. Білім бөлімінде мұғалімге мұның алдында да ата-аналардан шағым түскені анықталды. Қызметтік тексеріс басталды, мұғалім "Тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайды" бабы бойынша жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, қол жұмсау мен ақша жинау деректері расталды.

"Мәселе қаралып болды. Дильназды басқа сыныпқа ауыстырды, ем алуды жалғастардық. Мұғалім бізден сол бойы кешірім сұрамады. Мен оның сол гимназияда қайтадан жұмыс істеп жүргенін естігенде қатты таңғалдым. Бұлай болмайды. Мен өз балам үшін уайымдаймын", - деді Назима Досжанова.

Сонымен қатар, мұғалімнің сол гимназиядан және Балқаш қаласының білім бөлімінен оған 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуін және қайтадан жұмысқа алуын талап еткен. Балқаш сотының алғашқы инстанциясында оның бұл талабы қанағаттандырылмады. Бірақ мұғалім апелляцияға өтініш жазған. 2016 жылдың 30 мамырында сот оның азаматтық талаптарын орындай отырып, оны бастауыш сыныптардың мұғалімі ретінде жұмысқа қайта алған.

"Қарағанды мемлекеттік басқармасынан "Балқаш қалалық гимназиясы" Батила Едіресованың еңбекақысын өндіріп алу бойынша оған жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалуына байланысты салық және зейнетақы аударымдарын қоса есептегенде 1 693 322 теңге көлемінде қаражатты өндіріп алды", - делінген Қарағанды облыстық сотындағы апелляциялық ұжымның шешімінде.

Енлі Дильназдың анасы Назима Досжанова мен "Милосердие" ерікті қоғамының заңгерлері әділдік орнатқысы келіп отыр. Қордың негізін қалаған, тележүргізуші Аружан Сайын оның заңгерлері Досжановаға көмек көрсетіп жатқанын растады.

"Иә, біз оларға көмек беруге тырысып жатырмыз. Қыздың анасы бізге хабарласты. Біз бұл жағдайды бәрінің де білгенін қалаймыз. Назима апелляцияға өтініш түсірді. Бұл істің қалай аяқталатынын білмеймін, себебі мұғалімді жұмысқа қайта алды", - деді "ДОМ" қорының заңгері Юрий Юрин.

Сонымен қатар, Назима Досжанова Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және бақылау және атқарушы органдарға ашық хат жазды.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети