20 ақпан 2017 | 12:48

Балқаштық лаңкестер жазаны жеңілдетуді сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теракт жасамақ болғаны үшін сотталған балқаштық сегіз лаңкес Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді. Олар кінәсін толық мойындап отыр, бірақ жазаны жеңілдетуді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Теракт жасамақ болғаны үшін сотталған балқаштық сегіз лаңкес Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді. Олар кінәсін толық мойындап отыр, бірақ жазаны жеңілдетуді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, іс жабық тәртіпте қаралады. 

Еске салайық, сотталғандар 2016 жылдың 27 маусымында ұсталған еді. ҰҚК мәліметінше, радикал топ мүшелері Қарағанды облысында бірнеше мәрте теракт жасамақ болған. Олардан жарылғыш заттар, қару және өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленген. Қамауға алынғандар салафизм өкілдері болған. Олар шабуыл жасағаннан кейін Сирияға аттанбақ болған.

Еске салайық, 2016 жылдың желтоқсанында айыпалғандар 10-нан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған еді. Сегіз адам "Террористік ұйым құру, жетекшілік ету және мүше болу", "Қару немесе жарлығыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру" бойынша айыпты деп танылды. Судья Қайрат Қасымов үкімді жария ету кезінде сотталушылардың айыбы жиналған дәлелдер мен сотталушылардың өздері берген куәліктері негізінде дәлелденгенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети