Балқаштық экстремистерге қатысты сот үкімі шықты

09 Желтоқсан 2016, 17:40
0
Балқаштық экстремистерге қатысты сот үкімі шықты -

Терроризм бойынша айыпалғандар 10-нан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот залынан. Олар жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Сегіз адам "Террористік ұйым құру, жетекшілік ету және мүше болу", "Қару немесе жарлығыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және алып жүру" бойынша айыпты деп танылды. Судья Қайрат Қасымов үкімді жария ету кезінде сотталушылардың айыбы жиналған дәлелдер мен сотталушылардың өздері берген куәліктері негізінде дәлелденгенін айтты. 

Сот шешімімен Бауыржан Спамбет және Ерлан Үсенов 14 жылға, Думан Үсенов, Қайып Үсенов және Кеңес Ташмұхаметов 12 жылға, Мұрат Махмұтов 11 жылға қатаң режимдегі түзеу колониясына, Бақытжан Абдықошев және Нұрбол Қылышбаев 10 жылын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Барлық сотталушының мүлкі тәркіленеді.

Сотталушылардың туыстары аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Еске салайық, Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген еді. 2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай