29 маусым 2016 16:34

Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілді", - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Гүлшат ауылында ұстау кезінде лаңкестердің бірінің өзін-өзі жарып жібергені және алған жарақатынан қаза тапқаны хабарланып отыр. 

"Басқа адамдар зардап шеккен жоқ. Топтың басқа мүшелері ұсталды. Жарылғыш заттың бөліктері, қару-жарақ және заттай айғақтар тәркіленді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері. 

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті ажам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети