25 қараша 2021 12:52

"Банк құпиясы ашылады". Вице-министр мобильді аударымдарды реттеу туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мобильді аударым бойынша қандай транзакциялар күдікті саналатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мобильді аударым бойынша қандай транзакциялар күдікті саналатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші деңгейдегі банктерді азаматтардың мобильді төлемдері мен аударымдары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттейтін норма "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексті қолданысқа енгізу туралы" заңда қабылданған.

Түзетулер мобильді аударымдарды реттеу жоспарларына қатысты.

"Егер сіз туған күніңізге анда-санда ақша алсаңыз, мысалы, туыстарыңыздан, онда бұл тәуекелдерді басқару жүйесіне түспейді. Егер күнде және бес уақыт "туған күніңіз" болса, онда бұл күдік тудырады. Бұл бөлімде салық органдарына банк құпиясы ашылады", - деді Сұлтанғазиев заң қабылданғаннан кейін Сенат отырысында.

Ол жасанды интеллект арқылы жосықсыз кәсіпкерлерді анықтап, тексеруді жоспарлап отырғандарын түсіндірді.

Айта кетейік, бүгін Сенат депутаттары мобильді төлемдер түсінігін енгізетін заң қабылдады. Енді кәсіпкерлер аударым үшін салық төлейтін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети