28 ақпан 2014 18:32

Банктердің саны қысқаруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-министр Серік Ахметов қайтырылмайтын активтер (несиелер және тағы басқа - авт.) үшін екінші деңгейлі бактердің жауапкершілігін күшейту қажеттігін жеткізді. Оның ойынша, дұрыс жұмыс істемейтін банктерді қысқартуға болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, еліміздің қаржы жүйесін ретке келтіру үшін банктердің "жұмыс істемейтін" активтер мәселесін шешу керек. Ол мәселе шешілмесе, банктер несие беру арқылы ел экономикасын қаржыландыра алмайды. "Қазір біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Алдағы бір-екі жылда аталған проблемалар шешіледі деп ойлаймын", - деді Премьер-министр экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінің бүгінгі алқа мәжілісінде. "Егер банкті өзінің негізгі міндетін орындамайтын және болашақты бағдарлай алмайтын нашар менеджер басқарса, онда біздің экономикамыз үшін ондай банк не үшін керек? Негізі, бүгінде банк саласында несие проблемасы бар. Банкте бұндай проблема болса, оны не банкрот қылу қажет... Мемлекет басшысы да айтқан жоқ па, бізде өзі неше банк бар, 38 бе? Бәлкім, бізге 38 банк керек емес, экономика үшін нақты әрі белсенді түрде жұмыс істейтін 10 банк та жетіп жатыр", - деп атап көрсетті С.Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети