Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Ол 2018 жылы 11 қыркүйектен бастап Астана әкімі қызметін атқарды. 13 маусымда оны осы қызметте Алтай Көлгінов алмастырды.

Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге. Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Инженер-электрик, экономист.

2003 жылдың маусымынан 2006 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. Одан кейін республиканың статистика агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы қаңтар-тамыз аралығында қаржы вице-министрі қызметін атқарды, ал 2007 жылғы 10 тамыздан бастап елдің экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін басқарды.

2010 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2012 жылдың 21 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев Бахыт Сұлтановты Қазақстан Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 2013 жылдың қараша айында Қаржы министрі болды.

"Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети