01 сәуір 2020 | 09:29

"Барлығы атүсті жасалған" - Әбдіқалықова Қызылорда облысының шенеуніктерін сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының жаңа әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша жедел штаб отырысын өткізді, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының жаңа әкімі Гүлшара Әбдіқалықова коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша жедел штаб отырысын өткізді, - деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Әбдіқалықованың айтуынша, аймақта коронавирустың тарауына шенеуніктер мен жергілікті халық, сондай-ақ бизнес өкілдері де бей-жай қараған. 

Штаб шешімдерін орындау бойынша құрылымдық бөлімшенің әрбір басшысының есебін тыңдап, облыс басшысы шектеулер кезінде шешімдерді орындамайтындарға қатысты шаралар күшейтілетінін атап өтті.

"Барлық қызмет өкілдерінің жұмысына көңілім толмады. Барлығы атүсті жасалған. Біз болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасымызды қарастырып, барлық бағыт бойынша бақылауды күшейтуіміз қажет", - деді әкім. 

Еске салайық, Гүлшара Әбдіқалықова 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети