28 наурыз 2020 10:40

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Президенттің бұйрығында.

Айта кетейік, ол алғашқы облыс әкімі болған әйел адам. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Желіде Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген хабарлама тараған болды.

Хабарламада экс-әкім, оның көмекшісі, бизнесмен туысы және тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети