"Барлығымызға сабақ болсын". Астаналықтар Денис Тенмен қалай қоштасты

21 Шілде 2018, 11:55
0
"Барлығымызға сабақ болсын". Астаналықтар Денис Тенмен қалай қоштасты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанадағы "Барыс Аренада" Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аренаның ортасына Денистің суреті қойылып, қоштасуға келгендер соның астына гүл, жұмсақ ойыншықтар мен суреттер қойды. Ерлер мен әйелдер көз жастарын жасыра алмады, жылады.

Денис Тенмен қоштасуға министрлер мен депутаттар, сондай-ақ, қазақстандық танымал спортшылар келді.

Мұз үстінде жас мәнерлеп сырғанаушылар тұрды, қолдарында майшам.

"Мұндай күнде ауызға сөз алу да қиын, бірақ бірінші кезекте Денистің туғандары мен туыстарына көңіл айтуымыз керек. Қазақстан мақтанышының кетіп бара жатқаны, бұл трагедия, барлығымызға сабақ болсын. Жанды ауыртатын, қайғылы оқиға, ұғып, бұдан былай қайталамау маңызды. Кешір және қош бол, Денис", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Дениспен қоштасуға Қазақстандағы Оңтүстік Корея және Жапония елшілері келді.

Мәдениет және спорт министрлігі Денис Тен туралы кітап-журнал шығарды. Онда спортшының өмірбаяны, оған арналып жазылған әндер мен өлеңдер бар. 

© Tengrinews.kz

Айта кетейік, бүгін, 21 шілдеде Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті.

Қазақстанның барлық қаласында адамдар жиналып, Денис Тенді еске алып, құрмет көрсетіп жатыр.

Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Оны көлік тонаушылар пышақтап, көлігінің айналарын алып кеткен. Ұрылар мен спортшының арасында жанжал болып, қылмыскерлердің бірі оның санына пышақ салған, Денис Тен өте көп қан жоғалтып, көз жұмды. Қылмысты жасады деген күдіктілер: Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов, екеуі де ұсталып, қылмыстарын мойындады. Олардың айтуынша, екеуі Денис Тенге пышақпен шабуылдағандарын білмеген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай