"Барлық туысын жауапқа тарту керек пе?" - Қасымов Мұхитовтың қызына қатысты шыққан үкім жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы екі жылға сотталған Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитовтың қызметіне қатысты ешқандай шағым жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызы екі жылға сотталған Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Мұхитовтың қызметіне қатысты ешқандай шағым жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер министрге Мұхитов әрі қарай қызметін жалғастыра ма, жоқ па деген сұрақ қойды.

"Конституцияға сәйкес, біз оған қандай шағым айта аламыз? Ол (сотталушы) ересек адам, жасы 29-да, ата-анасынан бөлек тұрады. Құқықбұзушылық жасады. Енді біз барлық туысын жауапкершілікке тартуымыз керек пе? Меніңше, бұл дұрыс емес қойылған сұрақ", - деді министр. 

Еске сала кетейік, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

"Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздаршы". Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша істегі сотталушының соңғы сөзі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer