Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Барыс" командасының балмұздағы саудаға шықты 18 сәуір 2014, 13:27

Қазақстанның бірқатар қалаларында "Барыс" атты балмұздақ сатыла бастады
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Дүкен сөрелеріне "Барыс" атты балмұздақ сатылымға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Астана қаласының "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгінде аталған балмұздақ екі атаумен - "Біздің жеңісіміз" және "Шайба" болып шығып жатыр. Бүгінде оны Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында сатып алуға болады. Алдағы демалыс күндері "Барыс" атты балмұздақ Алматыда да сатылымға түседі", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының "Барыс" хоккей клубы - Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген жалғыз қазақстандық команда. Соңғы жылдары ол плей-офф ойындарында сәтті ойнап жүр. Биыл болса, алғаш рет ширек финалға өтті. Алайда Башқұртстанның "Салават Юлаев" командасынан ұтылып қалды. 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram