Бас мүфти балалар үйінде 700 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады

13 Қаңтар 2016, 12:26
2
Бас мүфти балалар үйінде 700 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады - © muftyat.kz
© muftyat.kz

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы республика сарайында өтетін Мәуліт мерекесінен түскен қаражаттың есебінен Алматы Облыстық № 1 балалар үйінде 700 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, балғындарды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Арнайы ат басын тіреген Бас мүфти балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеші аналармен жүздесті.

Бас мүфти балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге достық, татулық, мейірім жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді. Балдырғандарды қуанту мақсатында оларға тәттілер  таратылып, балаларға арнап клоунның қатысуымен әртүрлі көңілді қойылымдар көрсетілді.

Бүлдіршіндердің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін  арнап, дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.


© muftyat.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай