02 қазан 2023 13:03

Бас прокуратура Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторы" ісіндегі статусы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Әлия Назарбаева "ӨКМ операторына" қатысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлия Назарбаева "ӨКМ операторына" қатысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура мәліметінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабындағы мәлімет бойынша, Назарбаевадан сотта жауап алынған жоқ.

"Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек "ӨКМ операторы" ЖШС-де ақша жымқырғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

А. Назарбаева бұл қылмыстық іске процеске қатысушы ретінде тартылған жоқ және жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети