Бас прокуратура Астана кинотеатрындағы жанжалдан хабардар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Астана кинотеатрындағы жанжалдан хабардар © Тұрар Қазанғапов

Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жағдайға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған жағдайға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып ол: "Менің білуімше, іс материалы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, қазір тергеу жүріп жатыр. Кез келген іс прокуратураның бақылауында жүргізіледі", - деді ол.

Тілшілер Бас прокурордың орынбасарынан шенеуніктің баласы делінген күдікті Тұрагелдиевтің ісінің әкесіне әсері бар ма деп сұрады.

"Мен сіздерге артық ештеңе айта алмаймын. Ішкі істер органдары сәйкес тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олар тергеу аяқталды деп шешкенде іс материалы прокуратураға жолданады, кейін оны сотқа жібереміз", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети