Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел есін жиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел есін жиды © РИА Новости

Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеген әйел есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап.

6 желтоқсанда қалалық №1 аурухананың комбустиостология бөліміне түскен 48 жастағы Майра Рысманованың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

"Науқас шок жағдайынан шықты, тұрақты температура пайда болды, ағзаның реакциясы пайда болды. Әйел есін жиды, дәрігерлердің сұрағына жауап береді, сұйықтық пен тағам қабылдай алады. Дәрігерлер ары қарайғы еміне бар мүмкіндігін жасап жатыр. Айта кетейік, дәрігерлер заманауи құрылғылар мен дәрілерді қоллданып жатыр. Науқас флюидизирленген төсекте жатыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

Еске салайық, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің 1968 жылғы азаматша Рысманова М.Е. екені анықталған. Ол 1988 жылғы Е.Н.Ахметов есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барған. М.Е.Рысманова Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети