07 желтоқсан 2016 11:58

Бас прокурор өз-өзін өртеген әйел жайлы: Бұл іспен жеке өзім айналысамын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© prokuror.gov.kz © prokuror.gov.kz

Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл сұмдық жағдай болды, мен қазір осы мәселемен айналысып жатырмын. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Адамдар қажетті жерлерде айтқандарын естімегендіктен, осындай қадамдарға барады. Қазір оның тезірек жазылып кетуін күтіп отырмыз, мүмкіндігіміз келгенше, көмектесеміз. Мен осы жағдаймен өзім жеке айналысамын. Бірақ алдын ала оның ісіне қатысты шыққан үкімді заңсыз деп айтқым келмейді. Не дегенмен де сот үкімі шықты ғой. Біз барлығын мұқият қарап шығатын боламыз", - деді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Бас прокурордың айтуынша, қазіргі уақытта Бас прокуратурға келіп түскен шағымдардың саны 2,5 миллионға жеткен.

"Шағымдар мен өтініштер толып жатыр. Адамдар біздің қолдауымызды сезуі үшін жүйеге үлкен өзгерістер енгізу керек. Біз ашығырақ болуға тырысамыз", - деді ҚР Бас прокуроры 

Еске салайық, кеше, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің Рысманова М.Е., 1968 жылғы азамат екені анықталған. Ол 1988 жылғы Ахметов Е.Н. есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барды. Рысманова М.Е Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

Ал кейінірек өз-өзін өртеген әйелдің жағдайы өте ауыр екені хабарланды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети