28 наурыз 2022 15:02

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ведомство сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ведомство сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың ақпанынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар (жарияланымдар, бейнесюжеттер, хабарламалар, пікірлер) белсенді жарияланып жатыр.

"Бұл ретте олардың ішінен жекелегендері Қазақстан азаматтарын осы жанжалға қатысуға шақырулар, ұлттық араздықты қоздыру, екі тараптың да азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар қасақана арандатушылық мәлімдемелер және көрінеу жалған ақпаратпен сүйемелденеді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары, соның ішінде Қазақстан азаматтарының арасынан болып жатқан оқиғаларға жария түрде түсіндірме бере отырып, оларға еліміздің аумағы тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулерді орналастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Бас прокурордың орынбасары Дембаев Болаттың айтуынша, ​бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясы, біздің еліміз қатысушы саналатын жалпыға танылған халықаралық-құқықтық құжаттар бойынша тыйым салынған.

"Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен шақыруларға берілмеуге шақырамыз.

Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекет саналатынын (ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыратынын түсіндіреміз", - деді бас прокурордың орынбасары Дембаев Болат.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеміз, делінген хабарламада.

"Осы негізінде, азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтарды жасаудан аулақ болуға, осындай арандатушылық сөздер мен шақыруларға жол бермеуге және олардың алдын алуға шақырамыз", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети