Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бас прокуратура өкілі депутаттың Әлия Назарбаеваға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді 27 қыркүйек 2023, 14:18

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шындалиевтің айтуынша, ол Назарбаеваға қатысты Бас прокуратураға түскен өтінішті көрмеген.

"Мен айттым: егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы керек. Бізде осындай бірнеше орган бар: Антикор бар, экономикалық тергеу қызметі бар, Ішкі істер министрлігі бар. Егер ақпарат келіп, дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Менде әзірше мұндай ақпарат жоқ", - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс кулуарында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырауда өткен Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлер ӨКМ операторының соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram