07 қараша 2022 15:43

Бас прокуратура өкілі қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасау туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасына қатысқан 1500-ға жуық адамға рақымшылық жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаңтар оқиғасына қатысқан 1500-ға жуық адамға рақымшылық жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елодос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты.

"2022 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқан адамдарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды. Алдын ала мәліметтер бойынша, рақымшылық жасауға келетін жалпы адам саны 1500-ға жуық. Бас прокуратура ө тарапынан жергілікті прокуратураларға рақымшылық жасау туралы заңының нормаларының біркелкі қолданылуын және қатаң заңдылықты қамтамасыз ету туралы тапсырма берді", - дейді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

"Бүгінде атқарушы органдар 878 сотталушыға қатысты соттарға мерзімін қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныс жолдады.

Тергеу органдары сотқа дейінгі сатыда ауырлығы орташа қылмыстарды жасаған 5 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты. Қалған адамдар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, оларға рақымшылық шарасын сот қолданады", - деп түсіндірді Қилымжанов.

Оның айтуынша, тағайындалған жаза мөлшері қайта қаралады.

Еске салайық, 27 қазанда Сенат депутаттары қаңтар оқиғаларына қатысушыларға "Рақымшылық жасау туралы" заң қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети