18 қыркүйек 2019 11:50

Бас Прокуратура өкілдері Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару туралы айтып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбайға Қытай сотында айыптаушы үкім шығатын болса, Қазақстан қыз баланың өз елінде жазасын өтеу туралы сұраныс жібереді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сіздер онда біздің азаматшамыздың барын білесіздер. Қазіргі уақытта ол үкімге шағым түсіру кезеңінен өтіп жатыр. Бізде сотталған адамдарды беру туралы Қытаймен екіжақты келісім бар. Қытай сотының соңғы шешімін күтетін боламыз. Егер ақтайтын болса, бұл тамаша болар еді. Егер сотталса, ол ұсыныс айтуға құқылы, бізде өз тарапымыздан оның Қазақстан аумағында жазасын өтеу туралы сұраныс жіберуге құқығымыз бар", - деді Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында журналистержің сұрағына жауап беру кезінде. 

Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдау айыбын жоққа шығарды. Қыз баланы 2014 жылы ұстаған. 2015 жылы сот қазақстандық қызды өмірбойына бас бостандығынан айырған еді. Алайда 2016 жылы мамырда сот үкімінің күші жойылып, іс қайта қаралуға жіберілді. 

Осыған дейін, Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова Президентке хат жазды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети