05 қаңтар 2023 16:12

Бас прокурор 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезіндегі 20 мың лаңкес туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезіндегі 20 мың лаңкес туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрлі ақпарат түсті, соның ішінде бұл да бар. Әртүрлі ақпарат, соның ішінде азаматтардан шетелдік қылмыскерлер бар екендігі, оның ішінде шет тілдерде - қырғыз, өзбек, әртүрлі тілдерде сөйлейтіні айтылды", - деді Асылов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол қоғамда шабуыл жасағандардың бәрі лаңкес деген ой қалыптасқанын атап өтті.

"Террористік әрекет жасаған адамдардың барлығы лаңкес болып саналады. Оның сақал қойып немесе автоматпен жүгіруі міндетті емес. Тіпті көптеген құқық қорғау органдары тергеу жүргізген кезде маған осы сұрақты қойды: бұл лаңкестердің бәрі қайда? Қоғамда да осындай сұрақ бар.

Террористер өздерін террорист деп ресми түрде мәлімдеген жоқ. Қиратып, өртеген, әкімдікті басып алған, барлық әрекеті үшін оларды террористік акт жасады деп есептейміз және, әрине, біз оларды террорист деп санаймыз", - деп қосты Бас прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети